Нұр-Сұлтанда жаңа Jekpe-jek сарайы ашылды



Нұр-Сұлтанда жаңа Jekpe-jek сарайының ашылу салтанаты өтті. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатыты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бес мың көрерменге арналған спорт ғимараты бокстан, күрестен, дзюдодан, ауыр атлетикадан және басқа да олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрінен халықаралық жарыстар ұйымдастыра алады.

Сарайда 25 метрлік бассейн, жаттығу және күрес залдары, футбол алаңы, сондай-ақ, жайлы қонақ үй бар.

Жаңа спорт нысанының ашылу салтанатында жауынгерлік өнер фестивалінің гала-концерті өтті. Фестивальді Қазақстанның Жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырды. Спорт ұйымының басшысы - Кәрім Мәсімов.
Сарайда 25 метрлік бассейн, жаттығу және күрес залдары, футбол алаңы, сондай-ақ, жайлы қонақ үй бар.

Үш сағаттық бағдарлама аясында қауымдастыққа кіретін спорт түрлері бойынша көрсетілім жоспарланған. Сондай-ақ, тай боксы, панкратион, жауынгерлік самбо және кикбоксинг бойынша титулдық жекпе-жек өтеді.

Құрылысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырды. Жоба құны 19,5 миллиард теңге.

Тег:



  0