AIBA басшылығынан кеткен өзбекстандық кәсіпкер орнына жаңа президент тағайындалды

Бұл уақытша тағайындау.

Африкалық бокс конфедерациясының (AFBC) басшысы Мохамед Мустасан Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) президентінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

AIBA-ның бұрынғы президенті Гафур Рахимов өкілеттігін уақытша тоқтатты. Ол сенбіде ұйымының атқарушы комитетінің шұғыл отырысы кезінде жаңа лауазымға бекітілді, - деп хабарлайды insidethegames.biz тілшісі.

Еске салсақ, AIBA президенті лауазымына қазақстандық Серік Қонақбаев үміткер болған. Ол сайлауда Рахимовтан жеңіліп, AIBA вице-президенті атанды.

Тег:



  0