Данияр Елеусіновтің бапкері оны дарынды боксшы деп атады



Қазақстандық Данияр Елеусіновтің жаңа бапкері Кори Спинкс шәкіртін талантты боксшы деп санайды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Данияр маған тыңдай алатынын көрсетті. Ол әлі де бокстан шеберлігін жетілдіріп жүр. Даниярмен жұмыс істеуім үшін бір ай ғана уақыт болды. Оны әуесқой стильден арылтып, қауіпті соққылар жасауды үйретуге тырысамын. Ол өте талантты жігіт. Мен жай ғана оның өз қабілетін қалай пайдаланатынын көргім келеді", - деп жазады The Ring тілшісі Кори Спинкстің сөзін келтіріп.

Еске салсақ, Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортисті жеңді. Жекпе-жек Филадельфиядағы (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center аренасындағы бокс кешінде болды.

Жартылай орташа салмақтағы Елеусінов-Ортис жекпе-жегі барлық сегіз раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан 79-70, 79-71 және 79-71 көрсеткішімен қазақстандыққа берді.


  0