Дамир Ысмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қалай көруге болады?



Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұловтың менеджері Саят Абдрахманов ММА әуесқойларына жігіттің UFC-дегі екінші кездесуін қалай көруге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

"Жарияланым UFC Prague эфирін көргісі келетін барша адамға арналады. Турнирді UFC Fight Pass платформасында ufc.tv-ден көруге болады. Сайт ақылы жұмыс істейді, айына он доллар төлеу керек, бірақ алғаш тіркелгенде бір апта тегін қолдануға болады, ал кейін тіркеуден шығып кетсе болады. Дамирдің жекпе-жегі тек осы платформада көрсетіледі, ол Астана уақытымен сағат кешкі 10-да басталады. Петидің де рингтегі шайқасын Wink платформасынан тамашалауға болады, ол Мәскеу уақытымен кешкі 10-да басталады, тіркелу айына 99 рубль тұрады. Қолдауларыңыз үшін рахмет!" - деп жазған Абдрахманов Instagram желісіндегі парақшасында.

Турнирдің алғашқы жекпе-жегі Дамир Ысмағұловтікі, ол 23 ақпанда Астана уақыты бойынша 22.00-де басталады. Трансляцияны ESPN+ (негізгі кард) және ESPN 2 (прелим-кард) телеарналары көрсетеді. Екеуін де Қазақстанда қөру мүмкін емес.

Бұған дейін қазақстандық QazSport телеарнасы UFC турнирлерін көрсетуді тоқтатқанын хабарлаған. Қазіргі уақытта келісім-шартты тек QazSport емес, бірнеше елдер де бұзған.



  0