Қанат Ислам жарқын жеңістерін жалғастыра берсе, "Канеломен" кездесу көп күттірмейді - промоутер

Қанат Ислам P4P рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың үздік үштігіне бір табан жақындады.

Данияр Елеусіновпен және Иван Дычкомен жұмыс істейтін австралиялық промоутер Майк Алтамура Vesti.kz сайтына Қанат Ислам мен Сауль Альварестің жекпе-жегі қашан болатынын айтып берді.

"Бұл жекпе-жек әбден болуы мүмкін, тек оның жақын арада болатыны туралы айта алмаймын. Golden Boy компаниясы мен "Канелоның" өзі ғана бұл сұраққа нақты жауап бере алады. Бір айтарым, Ислам алдағы жекпе-жектерін АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегіндей жарқын етіп аяқтайтын болса, үздік боксшылармен кездесулер толассыз жауады", - деді Алтамура.

Айта кетейік, 18 ақпанда АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам 18 ақпанда өткен кездесуде бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Тег:



  0