Поветкин IBO титулын өзіне қайтарып алады

WBC және IBF қйымдары Александр Поветкинді допинг дауына байланысты өздерінің тізімінен шығарып тастаған.


Халықаралық бокс ұйымы (IBO) ресейлік ауыр салмақта өнер көрсететін Александр Поветкин өзінің чемпиондық белбеуіне таласуға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды sportrezult.ru.

Мұның себебі ресейлік боксшы осы ұйымның атынан ұйымдастырылатын бокс кештеріне қатыспаған. Ал IBO допинг дауына қызықпайды. 

Негізінде IBO - ең танымал бокс ұйымы емес, оның титулы боксшылар үшін екінші орында болады. Сол үшінде Поветкинді шығарып тастамаған болуы мүмкін, олардың үздік боксшылар тізімінде Поветкин үшінші орында тұр. 

Еске салайық, WBC және IBF қйымдары Александр Поветкинді допинг дауына байланысты өздерінің тізімінен шығарып тастаған. Ресейлік боксшының допинг сынамасының қорытындысы бойынша оның қанынан тыйым салынған заттар табылған. 

Тег:



  0