Әлемнің үш дүркін чемпионы мен төрт спортшы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

Алехандра Рубио 2013 жылдан бастап Аргентинаның фитнес және бодибилдинг ассоциациасының президенті қызметін атқарып келді.

Бодибилдингтен әлемнің үш дүркін чемпионы Алехандра Рубио мен төрт спортшы Аргентинаның солтүстігінде болған жантүршігерлік жол апатында тірідей өртеніп кетті, - деп хабарлайды DiarioPanorama.com.

Чемпион мен оның достары және әріптестері Элиас Торрес, Гуадалупе Давид, Эмануэль Вильяльба және Даниэль Монтиверо Сантьяго-дель-Эстеро қаласына турнирге жеңіл көлікпен бара жатқан. Көлік тізгінінде Алехандра болдған. Жолда Chevrolet жүк көілігімен соғысқан. Жол апаты салдарынан екі көлікте өртенген. Спортшылардың барлығы қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Спортшылардың денесі сот медициналық сараптамасына жіберілді.

Алехандра Рубио 2013 жылдан бастап Аргентинаның фитнес және бодибилдинг ассоциациасының президенті қызметін атқарып келді. Ол өз елінде танымал тұлға болған.





  0