Арман Оспанов Шымкент әкімімен спорт жағдайын талқылады



Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әскери самбодан 3 дүркін әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар елімізде спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар мен бүгінгі олардың жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер спортына аса ден қойып, бокс пен әскери самбо үйірмелерін дамыту мәселелерін талқылады.



Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы өскелең ұрпақты патриоттық рухпен тәрбиелеуде отандық спортшыларымыздың алар орны ерекше екенін атап өтті. Қала басшысы спорт шеберіне алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

ММА файтері Арман Оспанов өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы бастаған. Бүгінгі күнге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның 9-ында жеңіске жетіп, 2 рет жеңілді.


  0