Ертіс өңірінде боулингтің "жаңа түрінен" жарыс өтті

Павлодар облысы Ертіс ауданында ерекше жарыс өтті

Павлодар облысы Ертіс ауданында ерекше жарыс өтті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Дойбыдан өткен турнирде Шарбақты ауылының тұрғыны Нұрлан Құсайынов жеңіске жетті. Екінші орынды Малыбай ауылынан келген Әділет Жеңіс, ал үшінші орынды Әйтей ауылынан келген сапар Әлімханов иеленді. Май ауданынан келген Марат Шәмшиев 24 келілік кір тасын 25 рет көтерді

"Үш партияға қатыстым. Бұрын да ойнайтын едім. Қарсыластарым өте мықты жастар болды. Жасым 67-ден асты", - дейді зейнеткер.



Жарысқа барлығы 80-нен аса адам қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

"Арқан тартуда Шарбақты ауылының командасы басым түсті. Екінші орынды Шақа ауылдық округі, ал үшінші орынды Аққулы ауылының тұрғындары иеленді. Қарбыз боулингте де шарбақтылықтар көш бастады. Осы ауылдың тұрғыны Айбек Айтқұлов армрестлингте үздік атанды, - деді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Артем Сальников.




  0