Абай өлеңін оқыған "Такси" фильмінің жұлдызы эстафетаны Головкинге ұсынды

Насери челленджді жалғастырды.

"Такси" фильмінен кейін әйгілі болған франциялық актер Сами Насери Абай өлеңін оқып, #абай175жыл эстафетасын жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өлең оқыған актердің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Насеридің сөзінше, эстафетаны ол Франциядағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Мұрагер Сауранбаевтан алды. 

"Сәлем, менің атым Сами Насери. Мен франциялық актермін. Досым Мұрагердің эстафетасын қабылдадым. Оны белгілі боксшы Геннадий Головкинге ұсынамын. GGG", - дейді Сами Насери.

"Такси" фильмінің жұлдызы "Сағаттың шықылдағы емес ермек" өлеңін француз тілінде оқыды.



  0