Қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионы атанды



Чилиде каратеден өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Батырғали Әбілмансұр қарсылас шақ келтірмеді.

Осыған дейік, жарыстың екінші күнінде кадеттер арасында кумитэден жеңімпаздар анықталды. Қыздар арасында 47 келіде сынға түскен Әсемгүл Ердәулет үздік үштік қатарынан көрінді. Сондай-ақ, 63 келіде бақ сынаған Айдос Мұхаттың еншісінде де қола жүлде бар.

Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынындағы үшінші қола медаль. Бұған дейін Рауан Амантайұлы да жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Апта соңында аяқталатын әлемдік сында 96 мемлекеттен 1500 спортшы қатысып жатыр.


  0