Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан алты жүлде жеңіп алды

Турнир 20 сәуірде басталған.

Кеше Фуджейрада (БАӘ) дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Татамиге шыққан балуандарымыз арасынан Ислам Бозбаев қана көзге түсті, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Жартылай финалда тәжікстандық спортшыға есе жіберген Бозбаев қола медаль үшін күресте кореялық Донгхан Гвакты ұтты.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан командасы Азия біріншілігінен 6 медаль еншіледі.

Ерлан Серікжанов Азия чемпионы атанса, Елдос Жұмақанов пен Галбадрах Отгонцэцэг күміс медальға қол жеткізді. Ғұсман Қырғызбаев, Севара Нишанбаева және Ислам Бозбаевтар құрлық додасынан қоламен оралмақ.


  0