Қазақстан құрамасындағы дзюдошы қыз көз жұмды

Спортшы 24 жаста болған.

11 сәуір күні дзюдодан Қазақстан ұлттық командасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті, - деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті еліміздегі барлық спорттық қоғамдастық атынан талантты спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл біздің спортымыз үшін орны толмас қайғы.

Мұндай қиын сәтті біз сіздермен біргеміз", - делінген хабарламада.

Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогінің күміс жүлдегері (Ақтау, 2018).


  0