Қазақстандық дзюдошы Әлем чемпионатының жүлдегері

Бұл еліміздің алғашқы жүлдесі.

Қазақстандық дзюдошы Жанболат Бағытбергенов жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Қазақстанның дзюдо федерациясы. 

73 келіге дейінгі салмақта қол үшін жерлесіміз ресейлік Дэвид Гамасовпен белдесті. 

Нассауда өтіп жатқан Әлем чемпионатында бұл Қазақстанның алғашқы жүлдесі. 

Жалпы бұл жарысқа 67 елден 500-дей дзюдошы келген. Турнир 21 қазанға дейін жалғасады. 


  0