Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирде сынға түседі

Бұл Олимпиада ойындарына ұпай жиналатын турнир.

Елдос Сметов Қытайдың Хух-Хото қаласында дзюдодан әлемдік Grand Prix турнирінде белдеседі.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Хух-Хотода  өтетін додада татамиге шығады. Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын болады. 25-27 мамыр аралығында күндері өтетін аталмыш турнирден бастап балуандар Олимпиада ойындарына ұпай жинайды.

Айта кетейік, Елдос Сметов соңғы жарысында Екатеринбург қаласында өткен дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысып, алтыннан алқа таққан болатын.


  0