Азия чемпионатына қатысатын жас дзюдошылар белгілі болды

Бейруттағы бәсекеге елімізден 20 дзюдошы (10 ұл, 10 қыз) барады.

12-13 мамыр күндері Ливан елінің астанасы Бейрутта дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа қазақстандық жас дзюдошылар да қатысады.

Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлағандай, Бейруттағы бәсекеге елімізден 20 дзюдошы (10 ұл, 10 қыз) барады.

Ұлдар:

1. Дамир Болатбеков (-55 кг)
2. Болат Біләл (-55 кг)
3. Алмас Ғалымов (-60 кг)
4. Бауыржан Нарбаев (-60 кг)
5. Бахытжан Абдрахманов (-66 кг)
6. Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг)
7. Қуан Барыс (-73 кг)
8. Ерасыл Болат (-90 кг)
9. Малик Темірсұлтанов (-90 кг)
10. Бейбарыс Әбдіғани (+100 кг)

Қыздар:

1. Адия Сайын (-44 кг)
2. Маргарита Бажаева (-44 кг)
3. Ғалия Тынбаева (-48 кг)
4. Ақмарал Науатбек (-48 кг)
5. Диана Аипова (-52 кг)
6. Аида Карчаева (-57 кг)
7. Саера Мырзахметова (-63 кг)
8. Мөлдір Нарынова (-70 кг)
9. Назерке Тілеуханова (-78 кг)
10. Камила Берліқаш (+78 кг)


  0