Бозбаев әлемдік рейтингте бірден 77 сатыға көтерілді

Бакуде өткен "Grand Slam" турниріне дзюдошылардың рейтингі жаңарды

Бакуде өткен "Grand Slam" турнирінен кейін 12 наурызда IJF рейтингі жаңарды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.


90 келіге дейінгі салмақта турнир жеңімпазы атанған Ислам Бозбаев 93-орыннан 15-орынға көтерілді. Сондай-ақ, жарысты бесінші орынмен аяқтаған спортшылар да 360 ұпай қосып, рейтингте жоғарылады.

Олар: Қырғызбаев Ғұсман (60 кг/33 орын), Нышанбаева Севара (57 кг/33 орын), Бектасқызы Зере (70 кг/44 орын) және Амангельдиева Альбина (-78 кг/16 орын). Жаңа рейтингтегі қазақстандықтар: 60 кг Елдос Сметов – 8 (1767) Рустам Ибраев – 20 (942) Ғұсман Қырғызбаев - 33 (550) 66 кг Азамат Мұқанов – 18 (952) Жансай Смағұлов – 32 (634) Жұмаханов Елдос – 35 (610) 73 кг Дидар Хамза – 34 (594) Дастан Ықыбаев – 50 (333) 81 кг Азиз Қалқаманұлы – 50 (429) 90 кг Ислам Бозбаев – 15 (1160) -100 кг Максим Раков – 27 (780) +100 кг Ержан Шынкеев – 19 (1091)


  0