Джиу-джитсудан Республикалық бірінші турнирде Құрлық әскерлері институтының курсанттары жеңімпаз атанды

Жарыс Сүйіндіков Рүстемді еске алуға арналды.

Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары бірінші рет Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының Республикалық турнирінің жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Әскери институттың баспасөз қызметі. 

Республикалық турнир ҚР джиу-джитсу Қауымдастығы және "Алматы қаласының джиу-джитсу Федерациясы" Қоғамдық Бірлестігімен ұйымдастырылып Алматы қаласындағы Темір Дос спорт кешенінде өтті.

Қазақстан Республикасының джиу-джитсу спорт түрі бойынша Құрметті спорт қайраткерлері Сүйіндіков Рүстем Мәлікұлын еске алуға арналған турнир "Неваза-жүйесі", "Комбат-жүйесі", "Файтинг-жүйесі" салмақтық дәрежелері бойынша болды. Турнирге  әрбір салмақтық дәрежеде 170-тен астам спортшылар қатысты.

Әскери институттың жарысқа қатысқан 5 спортшының үшеуі жүлделі орынға ие болды: "Неваза жүйесі" бойынша 69 келі салмақ дәрежесінде 1 орын 3 курс курсанты К.А.Тазабек, 62 келіге дейін салмақ дәрежесінде 2 орынды 3 курс курсанты И.Ф. Назыров және курсант И.С. Жұманазаров 3 орынды жеңіп алды.

"Осы турнирге арнайы джиу-джитсу қауымдастығының шақыруымен келіп отырмыз. Құрлық әскерлері Әскери институтында курсанттарымыз барлық өткізілетін қоянқолтық күресінен турнирлерге қатысатын. Ал джиу-джитсу спорт түрімен айналысу, курсанттарды осы спорт түріне дайындау біздің институтта арнайы жарысқа шақыру алғаннан кейін басталды. Институтымыздан 5 курсант қатысып, 3 курсантымыз жеңіспен үлкен жетістіктерге жетті. Ал 2 курсантымыз ережелерді толық меңгермегеннен қателіктер жіберіп алды. Әрине бұл спорт түрін де институтта әрі қарай дамытамыз, алдағы болатын тірнирлерге қатысуға дайындаламыз. Барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін", - деп жаңалықтармен  бөлісті дене дайындығы кафедрасының оқытушысы подполковник Ыбырай Нұрбосын.

Джиу-джитсу, шығыс халықтарының жекпе-жек спорт түрлерінің негізін қалаған жапондықтардың дәстүрлі, ұлттық күресі. Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы 1992 жылы 26 ақпанда құрылды. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам джиу-джитсумен айналысу залдары бар, онда 15000 спортшылар шұғылдануда.

Республикалық жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан  - 2050» стратегиясы атты жолдауының бір бағыты негізінде спорт және дене шынықтыруды дамыту, дербес спорт түрі ретінде Қазақстан Республикасында джиу-джитсу және оның бағыттарын одан әрі жұртқа таныту және дамыту, жас буынды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жаппай үйреніп, таратуға жәрдем беру, джиу-джитсу спортшыларының кәсіби шеберлігіне және төрешілердің біліктілігін жоғарылатуға бағытталды.


  0