Роналду жаттығуға көзі көгеріп келді

Клуб сайтында жарияланған фотоларда португалдық ойыншының сол көзі көгергенін анық байқауға болады.

"Ювентус" футбол клубына ауысқан танымал футболшы Криштиану Роналду команда жаттығуына көзі көгеріп келді. Мұны туриндік клубтың ресми сайтындағы фотоларынан байқауға болады.

5 қыркүйек күні жарияланған фотоларда португалдық ойыншының сол көзі көгергенін анық байқауға болады. Футболшы көзін ІІІ турда "Пармаға" қарсы өткен кездесуде көгертіп алған көрінеді.

Роналду "Ювентус" сапында үш ойынға қатысып, әлі гол соққан жоқ. Бір ғана нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, португалдық футболшы "Ювентус" сапына осы жазда ауысты. Жылына 30 миллион еуро еңбекақы алады.


  0