Роналду "Ювентустегі" алғашқы ресми ойынында гол соға алмады

Туриндік клуб "Кьевоны" соңғы минутта сан соқтырды.

Португалдық футболшы Криштиану Роналду "Ювентус" сапындағы алғашқы ресми ойынына қатысты. "Кьево" командасына қарсы (І тур) сырт алаңда өткен ойында туриндік клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойында бірінші голды 3 минутта Сами Хедира соқты. Алайда алаң иелері бірінші тайм аяқталғанша таразы басын теңестіріп үлгерді. 38 минутта Мариуш Стемпиньски соққан голды төреші есепке алды.

56 минутта "Кьево" командасы сапынан Эмануель Джаккерини пенальтиді сәтті орындап, есепте алға шықты. 75 минутта "Ювентустің" шабуылы голмен аяқталды. Алаң иелері қорғаушысы Маттиа Бани автогол соғып алды. Ал ойын аяқталар тұста Федерико Бернардески туриндік клубқа жеңіс сыйлаған голды соқты.


Айта кетейік, туриндік клуб сапына осы жазда ауысып келген Роналду алғашқы ресми ойынына қатысты. Гол соғып, көзге түсе алған жоқ. Футболшы "Ювентуста" жылына 30 миллион еуро еңбекақы алады.


  0