"Ювентус" жанкүйерлері Буффонды жылап тұрып шығарып салды

Әйгілі қақпашы Джанлиуджи Буффон "Ювентус" командасы сапындағы соңғы ойынын өткізді.

Әйгілі қақпашы Джанлиуджи Буффон "Ювентус" командасы сапындағы соңғы ойынын өткізді. Туриндік команданың жанкүйерлері аты аңызға айналған қақпашыны жылап тұрып шығарып салды.

Италия чемпионатының соңғы турында "Ювентус" "Веронамен" кездесті. Ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. 63 минутта Буффон өз орнын Пинсольоға босатып, команда ойыншылары және жергілікті жанкүйерлермен қоштасты.



40 жастағы қақпашы "Ювентус" сапында 17 жыл ойнап, 656 ойынға қатысқан. 301 ойында өз қақпасына гол соқтырмаған. 17 рет чемпиондық атаққа ие болған.



Ойын соңынан "Ювентус" биылғы маусымдағы чемпиондық атақтарын алып, салтанатты түрде марапатталды.


  0