Моуринью Буффонды "Манчестер Юнайтед" сапында көргісі келеді



"Манчестер Юнайтед" клубының бас бапкері Жозе Моуринью өз командасына италиялық қақпашы Джанлуиджи Буффонды шақыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tuttosport.

БАҚ мәліметінше, Буффонға "Манчестер Юнайтедтен" бөлек "Пари Сен-Жермен", "Ливерпуль" және "Манчестер Сити" көз тігіп отыр. 

Бейсенбіде 40 жастағы Буффон сенбіде Италия чемпионатының осы маусымдағы соңғы айналымында "Веронамен" өтетін ойын "Ювентус" үшін соңғы болып саналатынын және сонда қоштасатынын айтты. 

Сәуір соңында Буфонның "Бвентустан" кетіп, аргентиналық "Бока Хуниорс" клубына ауысатыны хабарланды. Арегнтиналықтар қақпашыға 2,5 миллион еуроның келісімшартын ұсынған.

Буффон "Ювентус" сапында 2001 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.


  0