Лихтштайнер: "Боруссияға" ауыспаймын

Осы маусымда италиялық А сериясында қорғаушы 26 ойынға қатысты.

"Ювентус" жартылай қорғаушысы туриндік клубтан маусым аяқталған соң кететін Штефан Лихтштайнер дортмундтық "Боруссияға" ауыспайтын болды. 

"Мен дортмундтық "Боруссияға" ауыспаймын. Біз келісе алмадық, ары қарай айтудың да керегі жоқ. Қытайға да бармаймын, ақша соңынан қуып жүргенім жоқ. Өзіме жайлы және сапалы өмір сүретін мекен керек, - деп жазады Blick хавбектің сөзін. 

Лациодан ауысқан 34 жастағы швейцариялық футболшы "Ювентус" сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда италиялық А сериясында қорғаушы 26 ойынға қатысты. 


  0