Буффон "ПСЖ" клубымен келісімшарт жасасуға жақын - БАҚ

Буффон "Ювентус" сапында 2001 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Туриндік "Ювентус" клубының қақпашысы Джанлуиджи Буффон спорттық мансабын "ПСЖ" клубында жалғастыруы мүмкін. Париждік клуб пен италиялық 40 жастағы қақпашымен келіссөздер жақсы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Canal+.

Буффон маусым аяқталғаннан кейін "Ювентустан" кететінін айтқан еді. Қақпашы әзірге бірнеше ұсыныстарды қарастырып жатқанын да айтқан еді. 

Сәуір соңында Буфонның "Бвентустан" кетіп, аргентиналық "Бока Хуниорс" клубына ауысатыны хабарланды. Арегнтиналықтар қақпашыға 2,5 миллион еуроның келісімшартын ұсынған.

Буффон "Ювентус" сапында 2001 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.


  0