Буффон спорттық мансабын аяқтайды

Буффон "Ювентус" сапында 2001 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Туриндік "Ювентус" клубының қақпашысы Джанлуиджи Буффон маусым аяқталғаннан кейін кәсіпқой мансабын аяқтау шешімін қабылдады. Бұл туралы Juvenews басылымына оның агенті Сильвано Мартино мәлімдеді. 

"Бұл [Франческо] Тоттидің қоштасуы секілді болмайды, бұл Римнің стиліне жат. Джиджидің қоштасуы [Алессандро] Дель Пьероныкіне ұқсас болатын шығар. Бұл күні жас тамшылары көп болады, бірақ адамдар өзін ұстап бағады. Футбол тарихындағы ең мықты қақпашының ісін жүргізу мен үшін абырой", - деді Мартино. Сондай-ақ агент барлық мән-жайды 17 мамырда өтетін баспасөз конференциясында мәлімдейтінін айтты. 

"Ювентустың соңғы ойыны 19 мамырда өтеді. Оның командасы Италия ччемпионатының соңғы айналымында "Веронамен" ойнайды. 

Сәуір соңында Буфонның "Ювентустан" кетіп, аргентиналық "Бока Хуниорс" клубына ауысатыны хабарланды. Арегнтиналықтар қақпашыға 2,5 миллион еуроның келісімшартын ұсынған. 

Буффон "Ювентус" сапында 2001 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 


  0