Манчини 15 мамырда Италия құрамасын басқарады - БАҚ

13 мамырда Манчини "Зенит" клубынан кететінін айтқан еді.

"Зенит" клубының бұрынғы бапкері Роберто Манчини таяуда Италия құрамасын ресми түрде басқарады, - деп хабарлайды Sky Sport Italia.

Басылым мәліметінше, екі тарап барлық мәселені шешіп, ертең, 15 мамырда ресми түрде жариялайды екен. Өз жұмысы үшін Манчини жылына 2 миллион еуро табыс табатын болады. Келісімшарт екі жылға жасалады. 

13 мамырда Манчини "Зенит" клубынан кететінін айтқан еді. Италиялық маман басшылығымен "Зенит" 44 ойында 21 рет жеңіске жетіп, 13 рет тең түсіп, небәрі 10-ақ рет жеңілді. 



  0