Буффон - жалғыз тоғыз дүркін Италия чемпионы

Буффон "Ювентус" сапында жүріп 656 ойын өткізген, оның 301-інде ол қақпаға гол жібермеген.

"Италия чемпионатының 37-ші айналымында "Ювентус" қонақта "Рома" клубымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті. Осы есептің арқасында "Ювентус" мерзімінен бұрын А Сериясында жетінші рет чемпион атанды. Ал қақпашы Джанлуиджи Буффон үшін бұл тоғызыншы рет чемпиондық титул. 

Ол Италия чемпионатында осындай көрсеткішке қол жеткізген жалғыз ойыншы. Джиджи Чемпиондық титулды 8 рет жеңіп алған Вирджинио Розетта, Джованни Феррари және Джузеппе Фурино секілді ойыншыларды басып озды. 

Буффон "Ювентус" сапында жүріп 656 ойын өткізген, оның 301-інде ол қақпаға гол жібермеген. 


  0