Буффон 80-ге толғанша футбол ойнаймын деп уәде берді

Буффон Италия құрамасы үшін 1997 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді.

Италиялық "Ювентус" қақпашысы Джанлуиджи Буффон 80 жасында да өз командасы үшін өнер көрсетуге дайын, - деп хабарлайды Der Spiegel.

"Мен спорттық мансабымды қашан аяқтаймын деген сұраққа жауап беруге қиналамын. Мен өзімді клуб үшін елім үшін туған солдат секілді сезінемін. Әрине бір күні аяқтауға тура келетін шығар, бірақ сол күннің өзінде де футбол ойнауды тоқтатпаймын. Мен сексенге келсемде олардың қақпашысы болмай жатса, маған қоңырау шалса ғана болды. Мен дереу жаттығып, алаңға шығамын", - деді Буффон. 

Қарашада 39 жастағы Буффон әлем чемпионаты-2018 іріктеу кезеңінде Швециямен өткен ойыннан кейін ұлттық құрамадан кететінін айтты. Төрт рет әлем біріншілігін жеңген италиялықтар 1958 жылдан бері бірінші рет іріктеу кезеңінен өте алмады. 

Буффон Италия құрамасы үшін 1997 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Ол ұлттық құрама сапында 174 ойын өткізіп, 2006 жылы әлем чемпионы атанды. 

"Ювентус" сапында ол 2001 жылдан бері ойнап келеді. Кәсіпқой деңгейге ол 1995 жылы "Парма" командасы арқылы шықты. Туриндік клубқа өткенге дейін, Буффон сол клубтың намысын өорғап келді. Буффон - он дүркін Италия чемпионы. 


  0