"Милан" бас бапкерін босатып, орнына Дженнаро Гаттузоны тағайындады

Дженнаро Гаттузо 1999-2012 жылдары "Милан сапында өнер көрсеткен еді.

Италиялық "Милан" футбол клубы Винченцо Монтелланың бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлады.

Ресми сайтта оның орнынан Дженнаро Гаттузоның келетіні жазылған, ол осыған дейін "Милан" клубының жастар командасын жаттықтырған. 

Монтенелла италиялық командамен 2016 жылдың жазынан бері жұмыс істеп келеді. Осы маусымда 43 жастағы маманның басшылығымен Италия чемпионатында 14 ойын өткеннен кейін жетінші орында келеді. Соңғы ойында Монтенелла өзі жаттықтыратын клуб ойыншыларымен өз алаңында "Торинаны қабылдап, тең (0:0) түсті. 

Гаттузо 1999-2012 жылдары "Милан сапында өнер көрсеткен еді. Сол кезде ол командаластарымен бірге екі рет Милан чемпионы атнды, бір реті ел кубогын және екі рет ұлттық Суперкубокты жеңіп алды.


  0