Кьеллини: Буффон әлемдегі ең үздік қақпашы марапатына лайықты

"Ең үздік ФИФА қақпашысы" номинациясының жеңімпазы 23-ші қазанда анықталады.

"Ювентус" клубының және Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллини өз командаласы Джанлуиджи Буффон әлемдегі ең үздік қақпашы наградасына лайықты екенін айтты.

"Меніңше ол осы мараптқа лайықты. Буффон тамаша маусым өткізді. Біз олжа үшін таласып жүрген барлық турнирлерде сенімді ойын көрсетті. 12 жылды мен Джиджимен бірге талай сынақтан өттім. Ол ойында да, алаң сыртында да нағыз көшбасшы. Кез келген серіктес не қарсылас адам Буфонның қиын заттарды оңайлықпен жеңілдететінін айтады. 

Джиджи – экстраверт. Ол әрдайым күліп жүреді. Ол әрқашанда мен үшін де командадағы жас жігіттер үшін де, кәсіпқой футболшылар үшін де өнеге", - деп жазады ФИФА баспасөз қызметі Кьеллинидің сөзін. 

"Ең үздік ФИФА қақпашысы" номинациясының жеңімпазы 23-ші қазанда анықталады.



  0