"Ювентус" бас бапкер Аллегридің орнына жаңа жаттықтырушы тапты

Массимилиано Аллегридің туриндік командамен келісімшарты 2018 жылы аяқталады.

Туриндік "Ювентус" клубының басшылығы "Романың" бас бапкері Лучано Спаллеттимен алдын ала келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Corriere della Sera басылымына сілтеме жасай отырып.

Аллегридің туриндік командамен келісімшарты 2018 жылы аяқталады. Бірер күндер бұрын БАҚ өкілдері "Ювентус" Массимилиано Аллегриге жалақысы көбейтілген жаңа келісімшарт ұсынуы мүмкін деп хабарлаған болатын. Сонымен қатар, италиялық маманға ПСЖ, "Барселона" және "Арсенал" командалары қызығушылық танытып отыр.

Егер де Массимилиано Аллегри туриндік командада қалмайтын болса, орнын "Романың" бас бапкері Лучано Спаллетти басады.


  0