Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы канадалық клубты жеңді

Кездесу 6:2 есебімен аяқталды.

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Виктория университетінің "Vikes" командасымен жолдастық кездесу өткізді. Осы кездесу қазақстандықтардың айқын басымдығымен аяқталды, - деп хабарлайды Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі

Кездесу 6:2 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Артур Гатиятов, Самат Данияр, Давыд Макуцкий, Олег Бойко, Саян Данияр және Айдос Жорабектер көзге түсті.

KAZAKHSTAN U20 – VIKES 6:2  (2:0, 1:0, 3:2)

1:0 – Гатиятов (Данияр См.) - 03:51

2:0 – Данияр См. (Данияр Сн.) - 16:26

3:0 – Макуцкий (Данияр Сн., Данияр См.) - 36:37

3:1 – Голдмен – 45:16

4:1 – Бойко (Гусейнов, Сайко) - 53:44

5:1 – Данияр Сн. (Гатиятов, Макуцкий) - 55:11

5:2 – Мэтчек – 58:50

6:2 -  Жорабек (Макуцкий, Тарасов) - 58:54

Еске салайық, бұл күндері хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.


  0