Қазақстан құрамасының хоккейшісі Назаровтың командасының ойыншысымен төбелесті

"Нефтехимик" командасын Андрей Назаров жаттықтырады, ол осыған дейін "Барыс" клубы мен Қазақстан құрамасының бас бапкері болған.

Хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы Никита Церенок пен "Нефтехимик" қорғаушысы Дамир Шарипниязов Астанада өткен ҚР Президенті кубогының ойынында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 4:1 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді. Церенка мен Шарипниязов 57-ші минутта төбелесіп қалды, екеуі де айып алаңына жіберілді. 

Айта кетейік, 25 жастағы Церенок "Барыс" сапында 2013/2014 және 2014/2015 маусымында өнер көрсеткен. Астаналық клуб сапында ол 39 ойын өткізіп, төрт ұпай жинады. 

ҚР Президенті кубогының келесі ойыны 19:30-да басталады, онда "Барыс" және "Амур" командалары кездеседі. 

Айта кетейік, "Нефтехимик" командасын Андрей Назаров жаттықтырады, ол осыған дейін "Барыс" клубы мен Қазақстан құрамасының бас бапкері болған. 



  0