Азиадаға қатысатын хоккейшілердің есімдері белгілі

Қазақстан құрамасы Жапония, Қытай және Оңтүсік Корея ұжымдарымен күш сынасады.

Қазақстан хоккей қауымдастығы Күншығыс елінде өтетін қысқы Азиада ойындарына қатысатын хоккейшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында ақпан айының 19-ы мен 26-сы күндері аралығында өтеді. 

Тізімге барлығы 22 хоккейші ілінді. Оның екеуі ғана қақпашы. Құрама сапына шақырту алғандардың басым бөлігі жуырда ғана Алматы қаласында өткен Универсиаданың жүлдегерлері.

Қақпашылар: Сергей Кудрявцев ("Торпедо"), Виталий Колесник ("Барыс").

Қорғаушылар: Артемий Лакиза ("Номад"), Георгий Дульнев ("Сарыарқа"), Антон Казанцев ("Арлан"), Станислав Зинченко ("Номад"), Мадияр Ыбрайбеков ("Барыс"), Иван Степаненко ("Номад"), Александр Куршук ("Оңтүстік Урал").

Шабуылшылар: Илья Ковзалов ("Номад"), Нұрсұлтан Белгібаев ("Барыс"), Константин Савенков ("Арлан"), Никита Михайлис ("Барыс"), Дмитрий Гренц ("Барыс"), Ярослав Евдокимов ("Номад"), Антон Петров ("Арлан"), Ильгиз Нұриев ("Құлагер"), Максим Волков ("Құлагер"), Антон Сагадеев ("Сарыарқа"), Кирилл Савицкий ("Номад"), Әлихан Әсетов ("Номад"), Алексей Анциферов ("Арлан").

Жаттықтырушылар ұжымы мынадай: бас бапкер Сергей Старыгин, жаттықтырушылар Юрий Михайлис, Георгий Верещагин және Владислав Занковец.

Айта кетейік, 2017 жылғы қысқы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы жарыс қожайындары - Жапония және Қытай мен Оңтүсік Корея ұжымдарына қарсы өнер көрсетеді.


  0