Ресейлік хоккейші Қазақстан Президенті Кубогында өзгеше гол салды

Ол есепті теңестірді.

"Ақ Барс" шабуылшысы Владимир Ткачев Қазақстан Президенті Кубогындағы "Нефтехимикпен" ойында нөлдік бұрыштан гол салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сегізінші минутта Ткачев қарағандылық хоккей мектебінің түлегі Константин Барулин қақпасына гол соғып, есепті теңестірді, есеп 1:1. Матч "Барыс-Аренада" өтті. 




Ткачев үшін бұл шайба Президент Кубогында екінші болды. Оның командасы жарысты "Барыстан" 1:6 есебімен ұтылып бастаған еді, алайда, кейін "Салават Юлаевті" жеңді - 2:1.


  0