2023 жылғы хоккейден әлем чемпионаты Санкт-Петербургте өтеді

Қалада жаңа арена салынады.

Халықаралық хоккей федерациясының конгрессі (IIHF) 2023 жылғы әлем чемпионаты Санкт-Петербургте өтетіндігін бекітті, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Ресейдің хоккей федерациясының президенті Владислав Третьяк өтінішін таныстырды. Конгресс делегаттарына қала, оның көлік байланысы, инфрақұрылымы, мәдени мұрасы мен көрнекті орындары таныстырылды. Сонымен қатар, жаңадан ашылған мультифункционалды мұзайдынының жоспары көрестілді. Бұл жоба 2023 жылы іске асырылады. 

Мұның алдында, 2024 жылғы әлем чемпионаты Чехияның екі қаласында - Прага және Остравада өтеді деп шешілген, ал 2025 жылы Швеция мен Данияда өткізіледі. Қалалар кейін анықталады.  


  0