"Слованға" белгілі чехиялық бапкер тағайындалып, ҚХЛ-де қалатын болды

Команданы чехиялық инвестормен келісім құтқарды.

"Слованның" жаңа бапкері  чехиялық Владимир Ружичка болады, - деп хабарлайды "Чемпионат" порталы iSport.cz сайтына сілтеме жасап. Маманның бұл қызметке тағайындалғаны туралы 27 мамырда жариялану керек еді. Сонымен қатар, братиславиялық клуб КХЛ-де қалады.

"Ренжімеңіздер, бірақ, ештеңе айта алмаймын. Келісімшартқа қол қойғаным жоқ", - дейді Ружичканың өзі.

Басылым мәліметінше, аты талмаған чехиялық инвестормен келісім "Слованды" құтқарып қалды.

"Бұл келісім қаржылық жағдайды тұрақтандырып, ҚХЛ мүшелігін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ресейлік лига басшылғы Братиславаны лига жағрапиясынан жоғалтқысы келмейді. Оның үстіне Словакия астанасы ресейдің кей қалаларына қарағанда қонақжай", - деп жазады iSport.


  0