Қазақстанның хоккей федерациясының бас директоры қызметінен кетті - БАҚ

Оның міндетін Глеб Каратаев атқарады

Қазақстанның хоккей федерациясының бас директоры Юрий Зверев қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Шайба.kz".

"Юрий Зверев Қазақстанның хоккей федерациясының бас директоры қызметінен кетті. Оның міндетін әзірге Глеб Каратаев атқарады", - делінген хабарламада.

Қазақстанның хоккей федерациясының президентті ҚР премьер министрі Асқар Мамин екенін еске салайық.


  0