Қазақстан мен Беларусь құрамаларының жолдастық кездесуіне тікелей трансляция

Басталуы 19:00.

Бүгін, 25 сәуірде хоккейден Қазақстанның ұлттық командасы Беларусь құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Қазақстан астансындағы "Барыс-Аренада" өтеді, басталуы 19:00.

QazSport арнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, сондай-ақ аматчті арнаның сайтынан мына сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады. 

Еске салайық, Қазақстан бұл матчте еліміздің астанасында 29 сәуірде өтетін бірінші дивизиондағы әлем чемпионатына дайындық ретінде ойнайды. Бұл турнирге Беларусь те қатысады. 

Ертең, 26 сәуірде Қазақстан құрамасы тағы бір жолдастық кездесу өткізеді - Оңтүстік Кореяға қарсы.


  0