"Барыс" көшбасшылары Кормье мен Фрэттин қазандық "Ак Барсқа" кетеді

Екеуінің де келісімшарты аяқталады.

"Барыстың" канадалық шабуылшылары Патрис Кормье және Мэтт Фрэттин карьерасын "Ак Барста" жалғастырады, - деп хабарлайды "БИЗНЕС Online".

Қазандық клубтан бас бапкер Зинэтула Билялетдинов кеткеннен кейін үлкен өзгерістер басталғаны хабарланып отыр.

"Сонымен қатар, бізде бар мәлімет бойынша Ландер мен Секач орнына "Барыстан" екі канадалық Мэттью Фрэттин и Патрис Кормье келеді. Екеуі де астаналық команаданың көшбасшылары, Джастин Азведомен (ол да канадалық) жақсы ойнап кетуі керек", - деп хабарлайды БАҚ.

30 сәуірде Кормье мен Фрэттиннің "Барыспен" келісімшарты аяқталды. Кормье тұрақты чемпионттың өткен маусымындағы 56 матчте 40 (18+22) ұпай жинаған. Фрэттин "Барыста" екі маусым ойнады, содан бері 106 матчте 79 (37 + 42) ұпай жинады.

Еске салайық, "Ак Барс" пен "Барыс" та ҚХЛ-дің өткен маусымында плей-офф кезеңінде "Авангардтан" ұтылған. Қазандық клуб бірінші раундта 0-4 есебімен, ал қазақстандық екінші раундта 1-4 есебімен.


  0