Жаппай төбелеспен аяқталған матчте қорғаушы аяғын сойып алған

Бұл кездесуде оның командасы ұтылды.

"Салават Юлаев" қорғаушысы Григорий Панин Гагарин кубогы жартылай финал сериясындағы "Авангардқа" қарсы төртінші матчте жарақат алды, - деп хабарлайды sports.ru.

Екінші кезеңде ол қарсыластар форварды Максим Тэлботпен алпарысқан еді. Үшінші кезеңде Панин мұзайдынға шықпады.

Хоккеист жіліншігін тіліп, балтыр бұлшықетін жарақаттағаны хабарланып отыр.

Еске салайық, бұл матчте уфалық клуб ұтылып қалды. Ал кездесу соңында мұзайдында жаппай төбелес болды.



  0