"Сарыарқа" мен "СКА-Нева" арасындағы ЖХЛ-дегі жартылай финалдық төртінші матчке тікелей трансляция

Қарағандылықтар алда келеді.

Бүгін, 3 сәуір Жоғары хоккей лигасы (ЖХЛ) плей-офф кезеңіндегі қарағандылық "Сарыарқа" мен "СКА-Нева" арасындағы жартылай финалдық төртінші матч өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын "Қарағанды-Аренада" мұзайдынында болады және басталуы Астана уақытымен 19:00. Матчті ЖХЛ-дің ресми YouTube-арнасы тікелей көрсетеді. 

Төрт жеңіске дейінгі серияның үш матчінде "Сарыарқа" алда келеді - 3-0.

Айта кетейік, "СКА-Нева" ЖХЛ-дің тұрақты чемпионатының жеңімпазы. "Сарыарқа" бұл жарыста тоғызыншы болған.


  0