"Барыс" сапынан бірнеше ойыншы кетуі мүмкін

Бірнеше жетекші хоккейшінің келісімшарты 30 сәуірде аяқталады.

"Барыс" капитаны Брэндон Боченски, форвард-бомбардир Андре Петерссон және тағы бірнеше хоккейші келесімшарт аяқталысымен астаналық клубтан кетуі мүмкін. Бас бапкер Андрей Скабелка осыған қатысты пікірі білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

- Команда, бұл тірі ағза. Тұрып қалғанын қаламаймыз, бірақ, жиі ауысулар да болмау керек. Ойыншы агенттермен жұмыс істейміз. Тағы басқа мүмкіндіктер қарастырып жатырмыз, - дейді бапкер. 

- Граховиномен келісімшарт ұзартыла ма?
- Көреміз.

- Талғат Жайлауов құрамаға шақырлды ма?
- Жоқ, ол өзі келіп, жатығып жатыр. Бәрі өзіне байланысты.

- Роман Савченконы қайтару жоспарда бар ма?
- Қазір ол Қазақстан азаматы емес.

- Атқарылған іске қанағаттанасыз ба?
- Маусымды екіге бөлуге болады. Плей-оффта көп нәрсе іске аспады.

- Рымарев пен Сен-Пьер құрамаға шақырылды. Олар келді ме?
- Сен-Пьер жетісі келеді. Рымарев те.


  0