"Толыққанды сенсация". Ресейлік сарапшы "Сарыарқаның" жетістігін түсіндірді

Қарағандылық клуб плей-офф кезеңінің финалына шықты.

Ресейлік белгілі сарапшы Алексей Шевченко "Спорт-Экспресс" басылмындағы дәстүрлі шолуында қарағандылық "Сарыарқаның" Жоғары хоккей лигасы (ЖХЛ) плей-офф кезеңіндегі соңғы жетістігі туралы пікірін білдірді.

Леонид Тамбиев жаттықтыратын команда жеті матчтік серияда "Нефтяникті" жеңіп (4-3), жартылай финалға жолдама алды. Айта кетейік, ЖХЛ тұрақты чемпионатын "Нефтяник" екінші, ал "Сарыарқа" тоғызыншы болып аяқтаған еді. 

"Сарыарқа" Петров кубогының жартылай финалында. Альметьевсктік "Нефтяникті" жеңді. Бұл "Соколдың" "Ладаны" жарыс жолынан шығарғаннан кейінгі екінші толыққанды сенсация. Оның үстіне тұрақты чемпионатта басымдығы артық болған команданы ұтты. Немен салыстырса? Мәселен "Трактор" ЦСКА-ны жарыстан шығарып тастағанымен тең. 

Әрине "Нефтяник" ресурсы шексіз әскери клуб емес. Қарағандыда бапкер ауысып, бастапқыда Тамбиев нәтиже көрсете алмады. Бірақ плей-оффте оның командасы барын көрсетті. 

Қарағандылық клубтың жетістігін жаңа бапкермен байланыстырып отыр. Мінезі ауыр Латвия тумасы туралы ВХЛ-де аңыздар бар. Өте сыйлы. Питерлік "Динамомен" турнир ұтқан, кейін басшылықпен келіспей орнынан босатылды. Осыдан кейін питерліктер жарымады. 

Тамбиев қарсыласын анық танып, хоккейшілерге мұзайдында нақты не істеу керегін жеңіл түсіндіре алуымен белгілі. Егер ҚХЛ-де өсу жолы дұрыс болса, сенсация авторы басты лигада да өзін көрсете алатын еді", - деп жазыпты автор.

ЖХЛ плей-офф кезеңінің финалына шығу үшін "Сарыарқа" тұрақты чемпионат жеңімпазы - "СКА-Нева" клубымен күш сынасады. Серияның алғашқы матчтері 29-31 наурызда Петерборда өтеді. 

Жартылай финалдық екінші жұп "Торос" (3) және "Рубин" (4).


  0