"Арандату болады". Ресейлік бапкер "Авангардпен" ойынға "Барыстың" Рыспаевты алуына қатысты

Ойын 18 және 20 наурызда өтеді.

Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Владимир Плющев астаналық "Барыс" пен омбылық "Авангард" арасындағы ҚХЛ плей-офф кезеңінің екінші раундына қатысты пікірін білдірді. 

Үшінші және төртінші матч 18 бен 20 наурыз Балашихада өтеді (басталуы Астана уақытымен 22:30). Төрт жеңіске дейінгі екі матч қорытындысы бойынша есеп тең 1-1.

Осы ойынға "Барыс" төбелес үшін мерзімсіз шеттелген тафгай Дамир Рыспаевты алды.

"Авангардта" астаналық "Барыспен" серия оңай болмайтынын бірден айтқанмын. Әзірге солай болып тыұр. Дегенмен "Авангард" шабуылда сенімдірек сияқты. Өз алаңадарындағы екі ойын да омбылықтар үшін оңай болмас, өйткені "Барыс" ұтылса, ары қарай өте алмай қалады.

"Барыс" Балашихаға Дамир Рыспаевты әкеле ме? Шынын айтайын, бұған қатысты бірдеңе айту қиын. Шеберлік жағынан бұл хоккейшінің деңгейі плей-оффтың екінші кезеңінде ойнайтын командаларға сай емес. Мүмкін Андрей Скабелка көмектесуі мүмкін барлық амалдарды қолданбақ шығар. Мүмкін арандатулар да болады. Олай болса, этика комитетіне жағдайды ойыншы және бапкермен де анықтауға тура келеді", - дейді Плющев "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында.



  0