Гагарин кубогы финалына жолдама үшін "Барыс" пен "Авангард" матчіне тікелей трансляция

Ойын Астанада өтеді.

Бүгін, 14 наурыз "Барыс" Гагарин кубогы екінші кезеңіндегі "Авангардпен" алғашқы матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Астанадағы "Барыс" Аренада өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 19:00-де. Ойынның тікелей трансляциясын QazSport және ҚХЛ-ТВ арналарынан тамашалауға болады.

Айта кетейік, "Барыс" сапында алдағы ойындарда қорғаушы Кирилл Полохов және шабуылшы Роман Старченко болмайды. Екі қазақстандық та жарақат алғандар тізімінде. Ал омбылық командада қақпашы Кари Ряме жарақат алып, осы маусымда бірде-бір ойынға қатыспады. 


  0