Vesti.kz оқырмандары ҚХЛ-дің тұрақты чемпионатындағы "Барыстың" үздің ойыншысын таңдады

Ол командаластарынан әлдеқайда алда тұр.

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының қорытындысы бойынша Vesti.kz оқырмандары Канада тумасы, Қазақстан азаматтығын алған Даррен Дицті "Барыстың" үздік ойыншысы ретінде мойындады. 

Сауалнамаға жауап берушілердің 51 пайызы 25 жастағы қорғаушы таңдаған. Осылайша, Диц сауалнама бойынша командаластарынан оқ бойы озық тұр. 

Екінші орында форвард әрі капитан Брэндон Боченски - он пайыз. Сегіз пайыз және үшінші орынды шабуылшы Роман Старченко иеленді.

Сауалнама қорытындысымен толықтай мына жерде таныса аласыз. 

Еске салайық, кеше "Барыс" ҚХЛ-дің плей-офф сериясы бірінші раундының екінші матчінде ресейлік "Торпедоға" 0:4 есебімен ұтылып жатып, негізгі уақытта есепті теңестірді. Осыдан кейін овертайм басында жеңіс шайбасын салды.

Астаналықтар 2:0 есебімен алда келе жатқан төрт жеңістен тұратын серия Нижний Новгородта жалғасады - матчтер 2 және 4 наурызда өтеді.


  0