Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға есе жіберді

Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға есе жіберді.

Қазақстан ұлттық құрамасы хоккейден Венгрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Италия құрамасына есе жіберді.

Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстан құрамасы Италия командасынан айласын асыра алмады. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап сауатты ойын үлгісін көрсеткен италияндықтар Қазақстан құрамасына 3 гол соғып, кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Дегенмен Қазақстан құрамасы 1-дивизионның «А» тобында 6 ұпай көш тізгінін бастап тұр. Ал Италия құрамасы да осы жеңістен кейін 6 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Венгрия құрамасын 3:1 есебімен жеңсе, екінші айналымда Ұлыбританияны 6:1 есебімен ұтқан болатын.


  0