"Өзіміз кінәлі". "Барыс" ойыншысы ҚХЛ-дегі қатарынан үшінші жеңіліс жайлы

Ол "Магниткамен" матч туралы ойын айтты.

"Барыс" шабуылшысы Дастин Бойд магнитогорлық "Металлургтан" ұтылып қалғандары жайлы өз ойын айтты. 

Хоккейшінің сөзінше, жеңілісіке команданың өзі кінәлі, алайда, ол әріптестерімен жағдайды келесі ойында түзеуге тырысады. 

"Тырыстық, қарсыласымыз мықты еді, олардың бірден есеп ашқаны ойынымызды бұзып жіберді, бірақ, өзіміз де кінәліміз. Көп жағдайда санымыз артық болды, овертаймда қанша мүмкіндік болды, өзіміз жіберіп алдық. Ертең қателіктерді қарау кезінде мұны келесі ойында түзеудің жолдарын іздейміз деген ойдамын", - деп келтіреді Бойдтың сөзін ҚХЛ сайты. 

Еске салайық, "Барыс" ресейлік "Металлургтен" 1:2 есебімен ұтылды. Бұл астаналық команданың қатарынан үшінші жеңілісі. Ал 31 қазанда қазақстандықтар екатеринбургтік "Автомобилистпен" ойнайды.


  0