Бүгін ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Металлург" матчі өтеді

Ойынның басталуы 19:30.

Бүгін, 29 қазанда "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты өз мұзайдынындағы серияның алғашқы матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда "Барыс Аренада" магнитогорлық "Металлургпен" ойнайды. Матч жергілікті уақытпен 19:30-да басталады. Ойынды QazSport арансынан тікелей тамашалауға болады. 

Қазіргі таңда 21 матчте 29 ұпай жинаған "Барыс" Шығыс конференциясында үшінші. Ал "Металлург" 23 ойында 23 баллмен сегізінші келеді. 


  0